Баланың сөйлеу тілін дамытуда логоритмиканың рөлі
Баланың сөйлеу тілін дамытуда логоритмиканың рөлі Мектепке дейінгі кезең – баланың сөйлеу тілінің қарқынды дамитын шағы. Осы кезеңде баланың сөздік қоры молайып, дыбыстарды дұрыс айтуы, байланыстырып сөйлеуі және қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады. Сөйлеу тілін дамытуда тиімді әдістердің бірі – логоритмика. Логоритмика – сөз, музыка және қимыл-қозғалыстың үйлесуі арқылы жүзеге асатын педагогикалық әдіс. Ол баланың тілін дамытуға ғана емес, жалпы психикалық және физикалық дамуына оң әсер