ХАБАРЛАНДЫРУ!!! » №5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасы
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 31-05-65
Есепші бөлімі:
+7(7262) 31-08-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2026

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!

  1.  Орналасқан жері, почталық мекен-жайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекен-жайы көрсетілген бос немесе уақытша бос лауазымы бар білім беру ұйымдарының атауы: Қазақстан, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Аса» мөлтек ауданы №7 үй, 8(7262) 31-08-97. sad_5_taraz@mail.kz  «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
  2. Негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазымның атауы: тұрақты  тәрбиеші 

Лауазымдық міндеттері:

      балалардың өмірі денсаулығын  қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологиясын қолданады;

       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының  талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жосрпарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

      режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқы, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық дамыту ортаны құрады) басқарады;

       балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады,

       дамуында ауытқушылығы бар балаламен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білі беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

       қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру беру қызметін жобалайды;

       мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуеттендіруді жүзеге асырады;

       мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

       мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға  (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар) қатысады;

       отандық және шетелдік тәжірибені зеттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

        мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

Білуге тиіс:

         Қазақстан Республикасының Конституциясы,   Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» ,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  заңдары мен Қазақстан республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

         мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

        мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың   үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;

         педагогикалық этиканың нормалары;

         психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитарлық ережелер;

         мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік –құқықтық құжаттар;

         еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитарлық қағидалар мен нормалар.

Еңбекке ақы төлеу мөлшері: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі бар болса – 184 839  (жүз сексен төрт мың сегізжүз отыз тоғыз) теңге, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар болса – 202 657  (екі жүз екі мың алты жүз елу жеті) теңге.

          Еңбекке ақы төлеу мөлшері педагогикалық еңбек өтіліне, қолданыстағы біліктілік санатына қарай айқындалады. 

Бос лауазым атауы: 1.1  штат бірлік  тұрақты тәрбиеші лауазымдық міндеті.

3.Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Біліктілікке қойылатын талаптар:

       «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқудан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

       және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін кемінде 2 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін - 5 жыл;

        және   (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог –модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл.

Кәсіби құзіреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. «педагог» 

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдістемесін білу;

жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзкарасты жүзеге асыру;

перспективалық жоспар мен циклограмманы жүзеге асыру;

тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім,білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру;

әдістемелік жұмысқа қатысу;

балалармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың дамуына диагностика жүргізу;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерту, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

  1. «педагог-модератор» 

«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға , сондай –ақ:

балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдістемесін білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыру;

перспективалық жоспар мен циклограмманы жүзеге асыру;

инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;

аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;

білім беру ұйымы деңгейіндегі тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарғақатысушылардың болуы;

  1. «педагог-сарапшы» 

«педагог-модераторға» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға , сондай –ақ:

тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

перспективалық жоспар мен циклограмманы жүзеге асыру;

балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды диагностикалау тетігін білу;

балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;

балалардың аудандық, қалалық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;

әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын айқындау: білім беру ұйымы деңгейінде ,  аудан/қала деңгейінде өзінің  және әріптестерінің болуы, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

  1. «педагог-зерттеуші» 

«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға , сондай –ақ:

аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;

балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;

тәлімгерлікті қолдану;

көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасаудағдыларын пайдалану;

мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану;

аудан,қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы;

сабақты зерделеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын білу, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

  1. «педагог-шедер» 

«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға , сондай –ақ:

облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстарға және конференцияға   қатысу;

оқу бағдарламаларын, тәрбие мен оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану;

балалардың қалалық, облыстық, республикалық   конкурстарға  қатысуын жүзеге асыру;

РОӘК-те мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс;

жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті  жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушыларын дайындау.

  1. Конкурс өткізу туралы соңғы жарияланған хабарландырудан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.10.2026-09.10.2026  жыл.
  2. Қағиданың 113 – тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі:

      1)  Қағидадағы  3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10)  Қағидадағы 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.


Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 01.10.2026-09.10.2026 жыл

                                               Құжаттарды қарау мерзімі: 12.10.2026-16.10.2026 жыл

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив